Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 235 және Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/4-VII "Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8387 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру азаматтардың келесі санаттарына белгіленсін:
1) 70 жастан асқан азаматтарға - тариф құнының 55 %;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан және (немесе) көп балалы отбасылардан шыққан білім алушы балаларға - тегін жол жүру.".
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімінің орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Д.В. Федченкоға жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Ж. Омар |
Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы | А. Светаш |