Семей қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 2043 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қазанда № 24722 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Семей қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 87 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4883 болып тіркелген);

      "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 87 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 4 шілдедегі № 1170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6057 болып тіркелген).

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі Б. Байахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады