"Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 87 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 1170 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 шілдеде № 6057 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 2043 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 28.09.2021 № 2043 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 87 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4883 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық тексеру банкісінде электрондық түрде, "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінде 2017 жылғы 7 сәуірдегі жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспеде "6 тармақ" деген сан және сөз "6) тармақша" деген санға және сөзге ауыстырылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі м. а. Н. Ушаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады