Курчатов қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 164 «Курчатов қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 536 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 8488 болып тіркелді



       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. «Курчатов қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 164 «Курчатов қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2019 жылғы 21 қарашада 6295 нөмірімен тіркелген, ҚР НҚA электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 04 желтоқсанда және «Мой Край» газетінде 2019 жылдың 29 қарашасында № 144 (650). жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
       2. «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
       1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
       2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулынының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
       3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-желісінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.
       3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н.Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.
       4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Курчатов қаласының әкімі        A. Глазинский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады