2021 жылға Курчатов қаласының кондоминиум объектілерін басқаруға және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 9/65-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қазанда № 24698 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 20284 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Кондоминиум объектілерін басқаруға және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 2021 жылға бір шаршы метрге 25,0 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Б. Тажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады