"Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V Риддер қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 3/7-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 наурызда № 8459 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 14/8-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 28.05.2024 № 14/8-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V Риддер қалалық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3716 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда "Лениногорская правда" № 12 газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 тарау. Жалпы ережелер";

      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";

      3-1; 3-2 - тармақтарымен толықтырылсын:

      "3-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тоқсанына бір рет тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық үкіметтің веб-порталына (бұдан әрі - портал) жүгінуге құқылы.

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығы немесе портал арқылы қабылданған күннен бастап бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі сегіз жұмыс күнін құрайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес қосымша құжаттармен Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 4-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тұрғын үй көмегі еңбекке жарамды, жұмыс істемейтін, оқымайтын, армияда қызмет етпейтін және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда есепте тұрмайтын отбасыларға берілмейді, қоспағанда: бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға күтім жасайтын адамдар 18 жасқа толмаған, сексен жастан асқан адамдар, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған аналар.";

      17-тармақ алынып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5 тарау. Қорытынды ережелер".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы А. Афанасьев
      Қалалық мәслихат хатшысы Е. Нужных

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады