Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдердің қолданылуын тоқтата тұру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 3/18-VIІ шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 наурызда № 8479 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 1 тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің қолданылуы 2021 жылдың 1 қыкүйегіне дейін тоқтатылсын:

      1) Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы №31/208-VІ "Аягөз ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (сызбасын) бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-189 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған);

      2) Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы №31/209-VІ "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-188 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Абуталипова
      Аягөз аудандық мәслихат хатшысы К. Досиханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады