Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 21.11.2023 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық- атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орныдарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 194 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6991 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 30 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Аягөз ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінң орынбасары М. Мырзыкешовке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Искаков |
Аягөз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 365 қаулысына қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№р/с | Ұйымның атауы | Жұмысшылар саны | Квота мөлшері (% ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан) | Жұмыс орындарының саны, адамдар |
1 | Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Аягөз орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны | 485 | 1 | 5 |
2 | "Қазығұл" мекемесі | 146 | 1 | 1 |
3 | "Аягөз Су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 141 | 1 | 1 |
4 | "Су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 51 | 1 | 1 |
6 | "Alina GM" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 95 | 1 | 1 |
Барлығы | 9 |