"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аягөз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 22 маусымдағы № 325 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7224 болып тіркелген);
2) "Аягөз ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" 2019 жылғы 18 қарашадағы № 520 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6296 болып тіркелген).
2. "Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз ауданының әкімі | С. Искаков |