Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылы Жаңа ауыл көшесі № 5 үйдің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Нарын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 11 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 сәуірде № 8607 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданы бойынша бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2021 жылғы 31 наурыздағы № 224 ұсынысы негізінде, Нарын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Иттен құтыру ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылы Жаңа ауыл көшесі № 5 үйдің аумағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Нарын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 4 "Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылы Жаңа ауыл көшесі № 5 үйдің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8397 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2021 жылғы 15 ақпанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нарын ауылдық округі әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы Б. Чонгожбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады