Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылы Жаңа ауыл көшесі № 5 үйдің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 ақпанда № 8397 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 11 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 09.04.2021 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 27 ұсынысы негізінде, Нарын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Иттен құтыру ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылы Жаңа ауыл көшесі № 5 үйдің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нарын ауылдық округінің әкімі М. Тусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады