Шектеу іс-шараларын тоқтату және Беген ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 4 "Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында және Беген орман шаруашылығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қыркүйекте № 24345 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 маусымдағы № 201 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылындағы және Беген орман шаруашылығының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Беген ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 4 "Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі Беген ауылында және Беген орман шаруашылығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Беген ауылдық округінің әкімі Н. Асылгожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады