Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Глуховка, Белокаменка, Жыланды, Стеклянка ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 8685 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35–бабы 2–тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабы 4) тармақшасына, 2020 жылғы 28 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес және Глуховка, Белокаменка, Жыланды, Стеклянка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Глуховка ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Глуховка ауылындағы көшелерінің атауы:

      1) "60 лет ВЛКСМ" көшесі "Еңбекші" көшесіне;

      2) "Целинная" көшесі "Бастау" көшесіне;

      3) "Пионерская" көшесі "Шоқан Уалиханов" көшесіне;

      4) "Октябрьская" көшесі "Береке" көшесіне;

      5) "Советская" көшесі "Жаңғыру" көшесіне;

      6) "Свердлов" көшесі "Ақниет" көшесіне.

      2. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Стеклянка ауылындағы көшенің атауы "Революция" көшесі "Мереке" көшесіне.

      3. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Белокаменка ауылындағы көшелерінің атауы:

      1) "60 лет Октября" көшесі "Ертіс" көшесіне;

      2) "Ленина" көшесі "Ұлы Дала" көшесіне.

      4. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Жыланды ауылындағы көшелерінің атауы:

      1) "Ленина" көшесі "Достық" көшесіне;

      2) "Советская" көшесі "Болашақ" көшесіне болып қайта аталсын.

      5. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;

      3) осы шешімнің оның ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бас маман Б. Искакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады