ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35–бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, 2020 жылғы 28 желтоқсанындағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес және Қарабас ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарабас ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылындағы:
"Молодежная" көшесі "Нұрахмет Молдахметов" көшесі болып қайта аталсын.
2. Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Өндіріс ауылындағы:
"Ленин" көшесі "Рақымжан Қошқарбаев" көшесі болып қайта аталсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;
3) осы шешімнің оның ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабас ауылдық округінің әкімі | С. Байкадамов |