ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабы 19-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Глубокое ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілердің жекелеген санаттары бойынша тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 471 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Глубокое ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Глубокое ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі | Т. Рахимжанова |