Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 2 "Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округінің Уварово ауылында ірі қара малға шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 қарашада № 24990 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Глубокое ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 31 тамыздағы №358 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округінің Уварово ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №2 "Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округінің Уварово ауылында ірі қара малға шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8667 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ертіс ауылдық округінің әкімі Е. Жумагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады