Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округінің Уварово ауылында ірі қара малға шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 8667 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің 27.10.2021 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35- бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1– бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 113 ұсынысына сәйкес, Ертіс ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округінің Уварово ауылында ірі қара малға шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) мемлекеттік тіркелуден кейін күнтізбелік он күн ішінде осы шешімнің көшірмесін Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Глубокое аудандық әкімдігінің интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Ертіс ауылдық округінің әкімі Е. Жумагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады