Жарма ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 қаңтарда № 8350 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1 бабының 19 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарма ауданы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 328 "Жарма ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6294 тіркелген, 2019 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

      2) Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 245 "Жарма ауданы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7163 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылдың 12 маусымында жарияланған).

      2. "Жарма ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз ету;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Жарма ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі А. Нургожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады