Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5- тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабының 2- тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының "2017 жылғы 22 қарашадағы № 16/136-VI "Сот шешімімен Жарма ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 6 желтоқсандағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5311 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | М. Оспанбаев |