Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 маусымда № 23159 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 25.10.2021 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.     
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушысының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 509 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Біржан ауылдық округі Ақарал ауылында мүйізді ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Біржан ауылдық округінің әкімі С. Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады