Шектеу іс-шараларын тоқтату және Сарытерек ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 08 маусымдағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 қыркүйекте № 24438 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 тамыздағы № 750 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округінің "Алинұр" шаруа қожалығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданының Сарытерек ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 08 маусымдағы № 3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23028 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сарытерек ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарытерек ауылдық округінің әкімі Н. Сакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады