Шектеу іс-шараларын алу және Зайсан қала әкімінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 3 "Зайсан қала округінің "Сауыр" және "Шевченко" мөлтек аудандарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23116 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 551 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі-қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан қала округінің "Сауыр" және "Шевченко" мөлтек ауданына белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Зайсан ауданының Зайсан қаласы әкімінің "Зайсан қала округінің "Сауыр" және "Шевченко" мөлтек аудандарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8007 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Зайсан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан қаласының әкімі А. Дутбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады