Шектеу іс-шараларын алу және Зайсан қала әкімінің 2021 жылғы 02 сәуірдегі № 5 "Зайсан қаласы, Астана көшесі № 100 үйдің ауласындағы мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23398 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 04 маусымдағы № 566 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан қаласы, Астана көшесі № 100 үйдің ауласына белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Зайсан ауданының Зайсан қаласы әкімінің "Зайсан қаласы, Астана көшесі № 100 үйдің ауласындағы мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 02 сәуірдегі № 5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8521 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Зайсан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан қаласының әкімі А. Дутбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады