Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |
Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/5-VII шешіміне 1-қосымша |
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1,5 млн. (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1,5 млн. (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/5-VII шешіміне 2-қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда- Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 04.09.2024 № 19/6-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар.
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер.
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.
Қандастар.
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар.
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.
Толық емес отбасылар.