Пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін "Gold Mining Corp." жауапкершілігі шектеулі серіктестігіге қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласы әкімінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 сәуірде № 8618 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 71-1 – бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабына сәйкес, Алтай қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Жер қойнауын пайдалануға "Зырян қорғасын комбинаты" акционерлік қоғамның ескі қалдық қоймасы қалдықтарынан алтын мен күмісті барлау және өндіру" 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 1850 – келісімшартқа № 5 – қосымша келісімнің мемлекеттік тіркеген сәттен мерзімі 8 (сегіз) күнтізбелік айға, жалпы алаңы 131 га, "Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласында, осы шешімге қосымшаға сәйкес жер учаскелерінде, сондай – ақ мемлекеттік меншігінде орналасқан және жер пайдалануға берілмеген жерлерде, "Gold Mining Corp." жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу шекараларында Алтай қаласында – "Зырян қорғасын комбинаты" акционерлік қоғамның ескі қалдық қоймалары (есептiк кварталы 05-082-010; 05-082-030) аумағында орналасқан, "Зырян қорғасын комбинаты" акционерлік қоғамның ескі қалдық қоймасы қалдықтарынан алтын мен күмісті барлау және өндіру" 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 1850 – келісімшартқа сәйкес, пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер телімдерін алып қоюсыз "Gold Mining Corp." жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Алтай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді Алтай ауданы әкімінің Интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай қаласы әкімінің міндетін аткарушы И. Оконешников

  Алтай қаласы әкімінің
міндетін аткарушы
2021 жылғы 12 сәуірдегі
№ 1 шешіміне қосымша

"Gold Mining Corp." жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу шекараларында қауымдық сервитут (шектеулі мақсатта пайдалану құқығы) белгіленген жер учаскелері иелерінің тізімі

Жер учаскелерінің орналасқан жері, кадастрлық нөмірі

Жер пайдаланушының
Тегі, аты, әкесінің аты

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Учаскенің жалпы алаңы, га

1

Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласы, Зыряновская көшесі №2- а үй, 050-820-10-238

Шиповской Сергей Анатольевич

Ескі қалдық қоймасы шөгінінен құмды өңдейтін тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк құрылғыны орналастыру үшін

1,16 га

2

Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласы, 050-820-10-042

"Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

№2 өндірістік алаңын орналастыру және пайдалану үшін

37,37 га

3

Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласы, "Казцинк" өндірістік аймағы, 050-820-10-029

Алтай ауданы әкімдігінің "Жылу – су орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Тазарту құрылыстарын орналастыру үшін

18,01 га

4

Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласы, 050-820-30-003

"Казцинк"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қойыртпақ - сымды
орналастыру және пайдалану үшін

5,38 га


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады