Катонқарағай ауданы әкімдігінің қаулысын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 6 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 қаңтарда № 8362 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1 - бабы 19 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Катонқарағай ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастыру туралы" 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 497 Катонқарағай ауданы әкімдігінің қаулысы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6384 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Катонқарағай аудан аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Катонқарағай аудан әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай ауданының әкімі Р. Курмамбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады