Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 28 қаңтарда № 8384 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35–бабының 2–тармағына сәйкес, Ново-Хайрузовка ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округі Приморское ауылының келесі көшелері:

      1) "Ленина" көшесі – "Мұзтау" көшесі;

      2) "Комсомольская" көшесі – "Ертіс" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округі Алыбай ауылының келесі көшелері:

      1) "Степная" көшесі – "Алтай" көшесі;

      2) "Школьная" көшесі – "Бұқтырма" көшесі болып қайта аталсын.

      3. Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округі Құндызды ауылының "Центральная" көшесі – "Бастау" көшесі болып қайта аталсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Л. Мамырханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады