Күршім ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы "Күршім ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" № 405 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 76 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 ақпанда № 8415 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 19-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Күршім ауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күршім ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы №405 "Күршім ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 9 желтоқсанда №6360 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 11 желтоқсанында электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялануын қамтамасыз ету;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Шораяқовқа жүктелсін.

      4.  Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының әкімі Д. Қажанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады