Күршім ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 617 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 қаңтарда № 26416 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күршім ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы" 2011 жылғы 22 қарашадағы № 2328 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-14-144 болып тіркелген);

      2) "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы" 2011 жылғы 22 қарашадағы № 2328 Күршім ауданы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3796 болып тіркелген).

      2. Шығыс Қазақстан облысы "Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының әкімі Д. Қажанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады