Шектеу іс-шараларын тоқтату және Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 қаңтарда № 26425 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1567 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округінің Қарағаш телімінде мүйізді ұсақ малдарының бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23677 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының
Сарыөлең ауылдық округінің әкімі
С. Аксартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады