Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 672 "Тарбағатай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 782 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24043 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.     

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 672 "Тарбағатай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7669 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тарбағатай ауданының әкімі А. Смаилов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады