ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2021 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2021 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2021 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4. "Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 136 "2020 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7096 тіркелген, 2020 жылғы 29 мамырда "Ұлан таңы" № 23 (8183) газетінде және 2020 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Н. Әбдікәрімовке жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданының әкімі | Р. Құрмамбаев |
Ұлан ауданының әкімдігі 2021 жылғы 23 ақпандағы № 78 қаулысына 1 қосымшасы |
2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері
Реттік № | Ұйымның атауы | Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз) | Жұмыс орындар саны (бірліктері) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Өскемен кұс фабрикасы" акционерлік қоғамы | 778 | 1 % | 8 |
2. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ұлан орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 344 | 1 % | 3 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 121 | 1 % | 1 |
4. | "Айтас-Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 126 | 1 % | 1 |
5. | Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 111 | 1 % | 1 |
6. | "Багратион Улан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 176 | 1 % | 2 |
7. | "Багратион-2" шаруа қожалығы | 144 | 1 % | 1 |
8. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының психиқалық денсаулық орталығы" Жаңа-Қанай ауылы бойынша бөлімі шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 169 | 1 1 % | 2 |
9. | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 168 | 1 % | 2 |
Ұлан ауданының әкімдігі 2021 жылғы 23 ақпандағы № 78 қаулысына 2 қосымшасы |
2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Реттік № | Ұйымның атауы | Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз) | Жұмыс орындар саны (бірлік-тері) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Өскемен кұс фабрикасы" акционерлік қоғамы | 778 | 1 % | 8 |
2. | "Айтас-Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 126 | 1 % | 1 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 111 | 1 % | 1 |
4. | "Багратион Улан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 176 | 1 % | 2 |
5. | "Багратион-2" шаруа қожалығы | 144 | 1 % | 1 |
6. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының психиқалық денсаулық орталығы" Жаңа-Қанай ауылы бойынша бөлімі шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 169 | 1 % | 2 |
Ұлан ауданының әкімдігі 2021 жылғы 23 ақпандағы № 78 қаулысына 3 қосымшасы |
2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Реттік № | Ұйымның атауы | Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз) | Жұмыс орын- дар саны (бірлік-тері) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Өскемен кұс фабрикасы" акционерлік қоғамы | 778 | 1 % | 8 |
2. | "Айтас-Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 126 | 1 % | 1 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 111 | 1 % | 1 |
4. | "Багратион Улан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 176 | 1 % | 2 |
5. | "Багратион-2" шаруа қожалығы | 144 | 1 % | 1 |
6. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының психиқалық денсаулық орталығы" Жаңа-Қанай ауылы бойынша бөлімі шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 169 | 1 % | 2 |