ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылға 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 9-тармағына және 46-бабының 2-тармағы 4)тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 480 "Ұлан ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6438 тіркелген, 2019 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде).
2. "Ұлан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) аймақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Ұлан ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданының әкімі | Р. Курмамбаев |