Аблакет ауылдық округі Бестерек ауылының аты жоө көшеге атау беру

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 мамырда № 8765 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 17 маусымдағы қорытындысы негізінде және халықтын пікірін ескере отырып, Аблакет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аблакет ауылдық округінің Бестерек ауылының атауы жоқ көшесі "Орталық" көшесі болып аталсын.

      2. "Аблакет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аблакет ауылдық округ әкімі А. Агланбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады