Шектеу іс-шараларын алу және Ұлан ауданының Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 11 "Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округіне қарасты "Арнал" шаруақожалығының ірі қара малдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 ақпанда № 8390 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының, 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 03 желтоқсандағы № 01-26/568 ұсынысы негізінде, Бозанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс – шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округіне қарасты "Арнал" шаруақожалығының ірі қара малдарына шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 11 "Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округіне қарасты "Арнал" шаруақожалығының ірі қара малдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 7912 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 04 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бозанбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жариялағаннан кейін осы шешімді Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бозанбай ауылдық округінің әкімі Ж. Мухтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады