Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округі әкімінің 18.01.2021 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 14-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 21 шілдедегі № 01-26/392 ұсынысына сәйкес, Бозанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округіне қарасты "Арнал" шаруақожалығының ірі қара малдарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Бозанбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы шешімді аумақтық Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін, Ұлан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бозанбай ауылдық округінің әкімі | Ж. Мухтаров |