Шектеу іс-шараларын алу және "Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округі "Куандык" шаруа қожалығының ірі қара малынан қарасан ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 сәуірде № 8619 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторы 2021 жылғы 01 наурыздағы № 01-26/104 ұсыныс хатына сәйкес, Бозанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдардың қарасан ауруы ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс – шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округіне қарасты "Куандык" шаруақожалығының ірі қара малдарына шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 4 "Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округі Куандык" шаруа қожалығының ірі қара малынан қарасан ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 8417 нөмірімен тіркелген, 2021 жылғы 01 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      3. "Бозанбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жариялағаннан кейін осы шешімді Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасаудыөзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бозанбай ауылдық округінің әкімі Ж. Мухтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады