ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған."Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 128 "Шемонаиха ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7191 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі | Г. Акулов |