ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 тамыздағы № 55/9-VI "Шемонаиха ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару мен оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7439 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Геберт |
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | М. Желдыбаев |