Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 186 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қыркүйекте № 24467 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

  қаулысына қосымша

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Даярлау бағытының коды және сыныпталуы

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі

Бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны

Ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында

Басқа жоғары білім беру ұйымдарында

1

Бакалавр
6B01
Педагогикалық ғылымдар

6В014 Пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

10


901 000

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерін даярлау

10


901 000

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

10


901 000

2

Бакалавр
6B02
Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6B021 Өнер

5


922 500

6В022 Гуманитарлық ғылымдар

3


922 500

3

Бакалавр
6В08
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6В083 Орман шаруашылығы

2


742 700

4

Бакалавр
6B10
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

6В101 Денсаулық сақтау

50


1 001 000

5

Резидентура
7R01
Денсаулық сақтау (медицина)

7R011 Денсаулық сақтау

22

2 000 000

1 200 000


Барлығы:


112




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады