Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Ақжол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 16 "Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 12 "Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Битілеу ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4043 тіркелген, 2015 жылғы 25 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (К.Ажгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжол ауылдық округінің әкімі | Д. Нұрғожа |