Жаңақала ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 48 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 наурызда № 6841 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақала ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №55 "Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6228 тіркелген, 2020 жылы 14 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Жұмалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Еслямғалиеваға жүктелсiн.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақала ауданының әкімі Н. Карагойшин

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 9 наурыздағы
№ 48 қаулысына 1-қосымша

Жаңақала ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған
немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін
квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

152

1%

2

2

Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

148

1%

1

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 9 наурыздағы
№ 48 қаулысына 2-қосымша

Жаңақала ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

Жаңақала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқындағы) "Коммунал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

56

1%

1

2

Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

114

1%

1

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 9 наурыздағы
№ 48 қаулысына 3-қосымша

Жаңақала ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Аудандық сауықтыру ауруханасы" оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

100

1%

1

2

"Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі

72

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады