Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 55 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 мамырда № 6228 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 09.03.2021 № 48 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін бір пайыз мөлшерінде белгіленсін:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін.

      2. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №38 "Жаңақала ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5627 тіркелген, 2019 жылы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Жұмалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиеваға  жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақала ауданының әкімі Н. Карагойшин

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 12 мамырдағы № 55
қаулының 1-қосымшасы

Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

152

1%

1

2

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

1%

1

3

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

1%

1

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 12 мамырдағы № 55
2-қосымшасы

Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

"Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

66

1%

1

2

Жаңақала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқындағы) "Коммунал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

56

1%

1

3

Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

114

1%

1

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 12 мамырдағы № 55
қаулының 3-қосымшасы

Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

336

1%

3

2

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Аудандық сауықтыру ауруханасы" оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

100

1%

1

3

"Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі

72

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады