ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бәйтерек ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
сессия төрағасы | Н. Хайруллин |
мәслихат хатшысы | Р. Исмагулов |
Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3-20 шешіміне қосымша |
1. Бәйтерек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы №43-6 "2020-2022 жылдарға арналған Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округі бюджеті туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5984 тіркелген, 2020 жылы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Бәйтерек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 қарашадағы №57-3 "Бәйтерек ауданы мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы №43-6 "2020-2022 жылдарға арналған Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округі бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6471 тіркелген, 2020 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Бәйтерек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №59-7 "Бәйтерек ауданы мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы №43-6 "2020-2022 жылдарға арналған Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округі бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6677 тіркелген, 2021 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).