Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 28.09.2021 № 8-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес Зеленов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зеленов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т.Тулепкалиев |
Аудандық маслихат хатшысы | Р.Исмагулов |
Зеленов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 28-4 шешіміне қосымша |
Зеленов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормалары
№ р/н | Объектінің түрі | Есептік бірлік | м3/ жыл |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,60 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,93 |
3. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,26 |
4. | Мекемелер, ұйымдар,офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,65 |
5. | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0009 |
6. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек - орын | 0,78 |
7. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,32 |
8. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,39 |
9. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын-сауық орталықтары | 1 отыратын орын | 0,10 |
10. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
11. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,04 |
12. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,08 |
13. | Дүкендер, супермаркеттер, базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,39 |
14. | Халыққа қызмет көрсету орталықтары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,10 |
15. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,22 |
16. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,13 |
17. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина - орын | 1,97 |
18. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,09 |
19. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,76 |
20. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,39 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 – шаршы метр;
м3 – куб метр.