Қаратөбе ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 33 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 сәуірде № 6955 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаратөбе ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратөбе ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ж. Сұлтан

      КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің
Қаратөбе ауданының полиция бөлімі
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________Р.М.Дүйсеғалиев
" " ____________2021 жыл.

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2021 жылдың 8 сәуірдегі № 33
қаулысына қосымша

Қаратөбе ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) Құрмет грамотасы;

      2) Алғыс хат;

      3) Ақшалай сыйақы.

      Көтермелеудің тәртібі

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қаратөбе ауданы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға "Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Қаратөбе ауданының полиция бөлімі" (бұдан әрi – полиция бөлімі) ұсынады.

      4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      Ақшалай сыйақының мөлшерi

      6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгіленеді және ол 10 еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      7. Ақшалай сыйақыны төлеу Полиция департаментінің облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргiзіледi.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Полиция бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

      9. Көтермелеуге ақы төлеуге қаражат Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.

      10. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшін азаматтарға Құрмет грамотасын, Алғыс хатты, ақшалай сыйақы беруді Қаратөбе ауданының полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады