Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 9-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 шілдеде № 23282 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 шілдедегі №4-3 "Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы №16-2 "Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 4 қазандағы №7-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4582 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Т. Шатенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. Жубанышкалиева
      Мәслихат хатшысы Ж. Бисенгалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады