БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22020 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-1)-тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектілерінде жеке және заңды тұлғалардың әуесқойлық (спорттық) балық аулауын, мелиорациялық аулауын, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауын, өсімін молайту мақсатында аулауын ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды жүзеге асыруға жолдаманы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғат қорғау мекемесі береді және ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген және табиғат қорғау мекемесінің мөрі басылған әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды жүзеге асыруға жолдама (бұдан әрі – жолдама) беру журналында тіркеледі.";
"ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды" деген сөздер алынып тасталсын;
6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жеке тұлғалар жолдама алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
Жолдама балық аулаушының ауызша өтініші бойынша беріледі.
7. Жолдама беру табиғат қорғау мекемесінің және оның филиалдарының кеңсесі арқылы не табиғат қорғау мекемесі белгілеген жолдамаларды өткізу пункттерінде жүзеге асырылады, сондай-ақ, жолдамаларды онлайн беруге жол беріледі, онда чекпен және электрондық мөрмен онлайн толтырылған жолдама беріледі.
Жолдама 30 минут ішінде беріледі.";
11-тармағы мынадай редакцияда жазылады:
"11. Жолдама бір тәулікке беріледі және балық аулау көлемі бір балықшыға тәулігіне бес килограмнан аспайды.";
12, 13, 14, 15 және 16 тармақтары алынып тасталсын.
21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын.";
"21. Ғылыми зерттеулерді "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен айқындалған тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізеді.";
22, 27, 28 және 31-тармақтары алынып тасталсын;
Қағидаларға 1-қосымшада:
"Кімге берілген ____________" деген жолдан кейін:
"Бір реттік/маусымдық __________________";
"Жолдама құны _____________ теңге" деген жолдармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және |
|
табиғи ресурстар министрі | С. Брекешев |