Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 22020 болып тіркелді.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 344 Бұйрығымен бекітілген

Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-1)-тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектілерінде жеке және заңды тұлғалардың әуесқойлық (спорттық) балық аулауын, мелиорациялық аулауын, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауын, өсімін молайту мақсатында аулауын ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әуесқойлық (спорттық) балық аулау – спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорт сайыстарын өткізу мақсатында, сондай-ақ бір-бірлеп қана аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен (кәсіпшілік емес аулау құралдары) жүзеге асырылатын, аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;

      2) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;

      3) балық аулаушы – әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;

      4) балықтардың қырылуы – су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуы салдарынан балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жаппай қырылуы;

      5) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;

      6) балықтардың өріс аударуы – балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы;

      7) ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау;

      8) жаппай аулау – су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсiпшiлiк қорын алып қою немесе балықтардың жекелеген түрлерінің кәсiпшiлiк қорын немесе экологиялық топтарын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін;

      9) мелиорациялық аулау – жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;

      10) өсімін молайту мақсатында аулау – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау;

      11) табиғат қорғау мекемелерi – мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер;

      12) уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы.

      13) су айдындары – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсіру және көбейту үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн не олардың қорларының өсiмiн молайту үшiн маңызы бар су айдындары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, сулы-батпақты алқаптар, су қоймалары, тоғандар және басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңiз сулары.

      3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды жүзеге асыруға жолдаманы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғат қорғау мекемесі береді және ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген және табиғат қорғау мекемесінің мөрі басылған әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды жүзеге асыруға жолдама (бұдан әрі – жолдама) беру журналында тіркеледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Табиғат қорғау мекемесі жолдама алудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) құжаттардың және (немесе) оларда келтірілген деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауының анықталуы;

      2) алушыға қатысты оның қызметіне немесе жолдама алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) алушыға қатысты алушының жолдама алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуға негіз болған соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.

      5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су айдындарында балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      2) мелиорациялық аулау;

      3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;

      4) өсімін молайту мақсатында аулау.

2-тарау. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау жүзеге асыру тәртібі

      6. Жолдаманы беру электрондық сатып алуды және жолдаманы қалыптастыруды қамтамасыз ететін сервистік бағдарламалық өнімдер (бұдан әрі – сервис) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 13.05.2024 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жолдама сервис арқылы электрондық құжат түрінде беріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 13.05.2024 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балық аулаушыға бес данадан аспайтын ілмектері бар барлық атаудағы қармақтармен (қармақшалармен) (жылтырауық, қармақ, жерлица, спиннингтер), сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын су астында аулауға арналған мылтықтармен, торлы аумен, мормышкамен, ілгекпен және шаян қақпандармен жүзеге асырылады.

      9. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау сондай-ақ ауланған балықты тірі түрде табиғи мекендеу ортасына кейіннен шығара отырып жүзеге асырылады.

      10. Су айдындарында әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жеке тұлғаларда, яғни балық аулаушыда жеке басын куәландыратын құжаттар, жолдама болған жағдайда жүзеге асырады.

      11. Жолдама бір тәулікке беріледі және балық аулау көлемі бір балықшыға тәулігіне бес килограмнан аспайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мелиорациялық аулауды жүзеге асыру тәртібі

      15. Алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Балықтың қырылуына сөзсіз әкеп соқтыратын балықтың қырылу қатері төнген және мұндай қатерді су объектілерінде ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу жолымен жою мүмкін болмайтын жағдайларда табиғат қорғау мекемесі мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздеменің негізінде мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды.

      18. Мелиорациялық аулау туралы шешім табиғат қорғау мекемесі басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

      19. Мелиорациялық аулауды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 ақпанда № 10266 болып тіркелген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдары мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге сәйкес қолдануға рұқсат етілген балық аулау құралдарын пайдалана отырып, табиғат қорғау мекемесі қамтамасыз етеді (бұдан әрі – тізбе).

      Мелиорациялық аулау ретінде жүзеге асырылатын жаппай аулау кезінде қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне кіретін кез келген аулау құралдары пайдаланылады.

      20. Балықтың қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алынған балық көлемі балық аулаудың жалпы көлеміне кірмейді.

4-тарау. Ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүзеге асыру тәртібі

      21. Ғылыми зерттеулерді "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен айқындалған тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Белгіленген аулау көлемінен тыс мөлшерде ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.

      24. Ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүзеге асыру үшін аккредиттелген ғылыми ұйымдармен ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасы шеңберінде:

      1) зерттеу жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік жоспары мен кестесі бекітіледі;

      2) су айдындары және (немесе) учаскелері бөлінісінде аулау учаскелерінің тізбесі белгіленеді;

      3) станциялар желісі, пайдаланылатын аулау және жүзу құралдарының типі, түрі және саны, аулау тәсілдері айқындалады.

      25. Ғылыми-зерттеу үшін аулауды аккредиттелген ғылыми ұйымдар жылдың кез келген уақытында тізбеге сәйкес қолдануға рұқсат етілген балық аулау құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырады.

      26. Ғылыми-зерттеу үшін аулау балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңде табиғат қорғау мекемесі өкілінің қатысуымен және жүргізілген аулау нәтижелері көрсетілген жеке акт (еркін нысанда) толтырыла отырып жүзеге асырылады.

5-тарау. Өсімді молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру тәртібі

      27. Алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      28. Алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Өсімін молайту мақсатында аулауды табиғат қорғау мекемесі мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздеменің негізінде балық аулаудың бекітілген көлемі шегінде жылдың және тәуліктің кез келген уақытында тізбеге сәйкес барлық аулау құралдарымен және балық аулау тәсілдерімен жүргізеді.

      30. Табиғат қорғау мекемесі балық ресурстарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін бір су айдынынан екінші су айдынына көбейтуге бастамашылық жасаған жағдайда өсімді молайту мақсатында аулау туралы шешім табиғат қорғау мекемесі басшысының немесе оның алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

      31. Алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Заңды тұлға мәртебесі бар
ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар құрамына енетін су
объектілерінде әуесқойлық
(спорттық) балық аулауды,
мелиорациялық аулауды,
ғылыми-зерттеу мақсатында
аулауды, өсімін молайту
мақсатында аулауды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға жолдама

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 13.05.2024 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі
комитетінің _______________________
(мекеменің атауы)

ТҮБІРТЕК №_______

"_____________________"
республикалық мемлекеттік
мекемесі
Кімге берілді ______________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/
ұйымның атауы)
Бір реттік/маусымдық
__________________
Жолдама құны _____________ теңге
Мөлшері ______ (килограмм)
Балық түрі ________________
Су айдынының және учаскенің
атауы ____________________
Көлік ____________________
(түрі, маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі)
Қолданылу мерзімі:
20__ж. "_" _____ және
20__ж. "__" _____ аралығында
Берілген күні 20_ ж. "__"_____
Жолдаманы алдым,
Қағидалармен таныстым
__________________________
(Балық аулаушының Т.А.Ә.,
(бар болған жағдайда)
___________________қолы)
Жолдаманы берген
_______________________
(Т.А.Ә., бар болған жағдайда)
___________________
(қолы)

Қазақстан Республикасының Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитетінің
_________________________
(мекеменің атауы)

ЖОЛДАМА № _____

"_______________________"
республикалық мемлекеттік мекемесі
Кімге берілді _______________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/
ұйымның атауы)
Бір реттік/маусымдық
__________________
Жолдама құны _____________ теңге
Мөлшері ______ ( килограмм)
Балық түрі________
Су айдынының және учаскенің
атауы ____________________
Көлік ____________________
(түрі, маркасы,мемлекеттік
нөмірлік белгісі)
Қолданылу мерзімі:
20__ж. "_" __________ және
20__ж. "__" _____ аралығында
Берілген күні 20_ ж. "__"________________
Аумаққа кіру кезінде көлікті
жете тексерген мемлекеттік
инспектор ________________
(Т.А.Ж., бар болған жағдайда)
___________қолы)
Аумақтан шығу кезінде ауланған
балық көлемін тексерген
мемлекеттік инспектор
________________
(Т.А.Ә., бар болған жағдайда,
_________________ қолы)

ЖОЛДАМАНЫҢ сыртқы беті
Балық аулау туралы мәліметтер

Күні

Балық түрі

Мөлшері (килограмм)








ЖИЫНЫ:



 
Мемлекеттік инспектор
________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________ (қолы)

  Заңды тұлға мәртебесі бар
ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар құрамына енетін су
объектілерінде әуесқойлық
(спорттық) балық аулауды,
мелиорациялық аулауды,
ғылыми-зерттеу мақсатында
аулауды, өсімін молайту
мақсатында аулауды жүзеге
асыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға жолдама беру журналы

р/с

Балықшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Балықшының тұрғылықты жері

Жолдаманың берілген күні

Жолдаманың нөмірі

Жолдаманың қолданылу мерзімі

1

2

3

4

5

6

      Кестенің жалғасы

Су айдынының және учаскенің атауы

Балық түрі

Мөлшері

Балықшыны бақылаушы тұлға (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Қолдар

дана

килограмм

Жолдаманы беруші

Жолдаманы алушы

7

8

9

10

11

12

13


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады