"Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26489 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебіндегі операциялар мен оқиғалар "Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген) бекітілген емлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) негізінде көрсетіледі.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Материалдық жауапты тұлғалар екі данада жасалатын құжаттарды тапсыру тізілімі бойынша материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша бастапқы құжаттарды "Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы №390 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7126 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының (бұдан әрі – Нысандар альбомы) 442-нысанына сәйкес ұсынады (кіріс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылады). Материалдық жауапты тұлғаның қатысуында ұсынылған бастапқы құжаттардың ресімделуінің дұрыстығынажүргізілген тексеруден кейін тізілімнің бір данасы бас бухгалтердің қолымен материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екінші данасы бухгалтерлік қызмет істерінде қалады.";

      28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жағдайларында – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормалары қолданыла отырып, және онсыз мемлекеттік мекеменің міндеттемелері (тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға арналған азаматтық-құқықтық мәмілелер) бойынша шығыстар жүргізу үшін негіздеме болып табылатын құжаттар, төлеуге берілетін шот, шот-фактуралар, орындалған жұмыстардың актілері немесе "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі – Бюджетті атқару ережелері) белгіленген басқа да құжаттар номенклатуралық істерде хронологиялық тәртіпте нөмірленеді, тігінделеді және тігіледі.";

      мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:

      "37-1. Вексельдерді шығару және айналысқа шығару тәртібі "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Заңмен реттеледі.

      Вексельдiк мiндеттеме вексель берушiнiң тиiстi дәрежеде ресiмделген вексельдi берген кезінен бастап пайда болады.

      Мемлекеттік мекеме берілген жай вексельдер бойынша міндеттемені 7460 "Өзге шығыстар" шотының дебеті және 3030 "Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер", 4030 "Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер"шотының кредиті бойынша бухгалтерлік жазбамен көрсетеді.

      Жай вексельдер бойынша сыйақыны есептеу 7310 "Сыйақылар бойынша шығыстар" шотының дебеті бойынша және 3250 "Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар" шотының кредиті бойынша хат-хабармен көрсетіледі.

      Жай вексель бойынша негізгі борышты өтеу мынадай: 3030 "Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер", 4030 "Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер" шотының дебеті және 1080 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", шотының тиісті қосалқы шотының 1090 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" кредиті бойынша жазбамен жүргізіледі.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынылады.

      Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілікті жасауы және ұсынуы "Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бекітілген қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      66-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Осы шоттың қосалқы шоттарының дебетінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасы, сондай-ақ ағымдағы жылдың кассалық шығындарын қалпына келтіруге енгізілген сома, ал кредитте – мақсатты тағайындау бойынша "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына сәйкес жұмсалған қаражат көрсетіледі.";

      74-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-1. Банкноттар мен монеталарды қабылдау кезінде кассир "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16120 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.";

      74-16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-16. Кассаны түгендеу "Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 7197 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Кассаға түгендеу жүргізу нәтижелері бойынша қолма-қол ақшаны түгендеу актісі жасалады.";

      88-1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес негізгі құралдарды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – бағалау қызметі) бағалаушы жүргізген берілетін негізгі құралдарды бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алуына ақы төлеуге беру кезінде жазбалар сәйкес жүргізіледі.";

      92-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекеме бастапқы танығаннан кейін қаржылық міндеттемелер қаржылық нәтиже мен алынған қарыздарды мойындай отырып, әділ құн бойынша ескерілген қаржылық міндеттемелерді қоспағанда, пайыздың тиімді мөлшерлемесінің әдісін пайдалана отырып, амортизацияланған құны бойынша бағаланады. Алынған қарыздарды есепке алу өзіндік құны және/немесе номиналды құны бойынша жүргізіледі.";

      154-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 7-тармағына сәйкес оқудан шығарылған курсанттар мен кадеттерден мемлекет кірісіне қаражат өндіріп алу мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін заңды күшіне енген сот актілері бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізуді тоқтату негізінде жүзеге асырылады;";

      172-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аванстың пайдаланылмаған қалдығын есеп беретін тұлға аванстық есепті тапсырғаннан кейін, үш жұмыс күннен кешіктірмей қайтаруы тиіс. Есеп беретін тұлғаға жаңа аванстар беру бұрын берілген авансты қайтарған кезде ғана жүргізіле алады.";

      479-тармақтың бесінші мен алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "04 "Төлемге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі – "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен өндіріп алуға үмітсіз деп танылған кезден бастап бес жыл ішінде төлемге қабілетсіз дебиторлардың берешегі ескеріледі, борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда оны өндіріп алу мүмкіндігін бақылау үшін баланстан есептен шығару. Осы берешекті өтеуге алынған сомалар баланстық шотқа қалпына келтіріледі және мемлекеттік мекеменің бюджет алдындағы тиісті бюджеттің кірісіне беру жөніндегі міндеттемесі ретінде танылады;

      05 "Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшін оқушылар мен студенттердің берешегі" – оқушылар мен студенттердің қайтарылмаған киім-кешектері, іш киімдері, құралдары және басқа да құндылықтары үшін берешегі ескеріледі. Оқу орнының балансынан оқудан шығып қалған оқушылар мен студенттердің материалдық құндылықтарын есептен шығару олардың шығуы туралы бұйрықтардың негізінде жүргізіледі. Оқушылар мен студенттер қайтармаған материалдық құндылықтар баланстан тыс есепке алынады. Мұндай мүлікті талап ету Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 260-бабына сәйкес жасалады;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады